РАМАЗАН БЕРЕКЕЛІ БОЛУ ҮШІН:
🌸 Алла Тағаланың барлық нәрседен Хабардар екенін, барлық амалдарың мен сөздеріңізді Естуші, Көруші екенін сезініңіз. Егер адам осы нәрсені терең сезіне алса, онда ол өз-өзін міндетті түрде бақылауға алып, тәубе етуге асығады.
«Әй, иманға келгендер! Мұраттарыңа жетулерің үшін барлығың істеген күнәларыңа шынайы өкініп, Аллаға бойсұнуға қайтыңдар (тәубеге келіңдер)» («Нұр» сүресі, 31-аят).
🌸 Жаман қылықтардан арылыңыз: өтірік, жала, ғайбат, өсек, жаман ойлау, т.б.
🌸 Әрбір минуттың қадірін түсінбей қалудан қорқып, тек қана сауапты істер атқаруға деген шынайы ықылас, құлшынысыңызды арттырыңыз;
🌸 Құран оқыңыз, Алланы еске алу мен Одан кешірім сұрауды көбейтіңіз. Себебі, жүректер тек Алланы еске алу арқылы тыныштық табады;
🌸 Намаздарды өз уақытында оқуға дағдыланыңыз;
🌸 Нәпіл (қосымша) ғибадаттарды әдеттегіден көп атқаруға тырысып көріңіз;
🌸 Туыстық қарым-қатынасты сақтаңыз;
🌸 Айналадағы адамдармен көркем мәміледе болыңыз.
#асыларна #asylarna #Рамазан2019 #ораза